Қатты қорықты, шошыды; сасып қалды; қатты қиналды, қысылды. ~ Еламанның бүкіл бір жақ бетінде ырсиған ат тұяғындай тыртыққа көзі түсті. Жаны зәр түбіне кетіп тұрып қалды. Ә.Нұрп. ~ Әй, періп жіберейін бе!— десе бірі:
— Бір қойғанда қалпақтай түсірейін бе осы!— деп ұмтылады екіншісі. — Осыдан бар ғой, жоқтауыңды асырмасам бар ғой!.. — Өй, сасық сол, жаныңды зәр түбіне жіберейін бе?!. С.Жүн. ~ … теңіз астының дәл бір тән түршіктірер шекеңнен шыққандай суық ағысы сияқтанып, әлі де болса жаны зәр түбіне кеткендей қорқынышты түс … Ә.Нұрп.
