Posted in

ЖАНЫ КӨЗ (КӨЗІНІҢ) ҰШЫНА КЕЛДІ

Өлердей қиналды, зәресі ұшты. ~ Алғашқыда жай сипалаған сияқты болған еді, кенет, өткір тіс Архоның сауырын осып өтті. Сонан соң кірш етіп қалың етіне қадалды. Архоның жаны көз ұшына келді. З.Төл. ~ … жөңкіліп жатқан тажал толқындар әп-сәтте көтеріп әкетіп жаңқа құрлы көрмей арлы-берлі қақпақыл қып лақтырып тастайды. Ғалидың жаны көзінің ұшында. Жаны тәтті, құрдан-құр өле салғысы жоқ. Ғ.Әр.