Posted in

ЖАНЫ ҚАЛДЫ

Құдай сақтады, тірі қалды. ~ Көп нәрселер туралы оймен жүріп білуге тура келді, талайларын жалғыз- жарым жаны қалғандардың сөзінен білісті. Ж.Айм. ~ Тумай жатып көңілді күпті ғып бітеді – ау шіркін! Рухия келінім нағыз азаматым – ақ қой! Аман- есен жаны қалса екен! Байғұстың да қуанышы мол еді. С.См. ~ Екеуін бір түйеге салып алды, Екі жаққа қаратып таңып алды. Қатты қуған түйенің жүрісінен Әйтеуір шықпай әрең жаны қалды. БС.
~ Байғұс бала “желтоқсан уақиғасына” қатынасып қалғандығы үшін мектептен қудаланып, қызметтен де қағылды. Әйтеуір жаны қалғанға қуанғанбыз… Т.Рыск.