Posted in

ЖАНЫ ҚАЛМАДЫ

А) Асты-үстіне түсіп, қызмет көрсетті, ыстық ықылас танытты. ~ Сонымен бұл үйдегі әке, бала, тіпті сирек келетін қонақ – жолдас, досқа шейін бір әйелдің күтушісі, бәрінің жаны қалмайды. Ж.Нәж. ~ Мүлкаман жұмсақ орындық ұсынды, «ыссыласаңыз шешініңіз, ілгек әне», деп есепші жаны қалмай елпектеп барады. Д.Дос. ~ Айтқұл деген кісінің үйіне түстік. Қожаны алақанына салғандай аялап, қол қусырып, кеш те болса тоқты сойып, жаны қалмады. Ш.Мұр.
Ә) Қатты үрейленді, зәресі зәр түбіне кетті. ~ Мешел тергеушіні ұрып түрмеге түсіп қалыпты деп естігенде шыбын жаны қалмады… Қ.Ысқ.