Әлдебір іске не адамға деген сүйіспеншілік туралы. ~ Бәкизат бұған қайран; бұның неге бүйтіп жатқанын білген жоқ; не де болса, бұ да жарық дүниеге жаны құштар неме; кім білсін, таңмен таласа шыққан Тәңірінің тағы бір жарық күнін көргенше жаны қалмай аласұра ма? Ә.Нұрп. ~ Сұлулыққа жаны құштар ол жас кезде бір қызға өлердей ғашық болып қалады. Әйелі оны сезеді. АҚ “Бір махаббаттың…” ~ Ішінде Тоқсанбайға деген қыжылы бар ма, әлде жаңалыққа жаны құштар ма, Жанахмет қызынып: − Құдай қарғаған қу шұнақтың жегенін желкесінен шығару керек,- деді. М.Сүн.
