Posted in

ЖАНЫ САЯЗ

Ой-өрісі тар, тоғышар адам туралы. ~ Әр түрлі адам бар. Әр түрлі ұғым бар. Оқушы әр түрлі, әркім өз жанының тереңінен дүниеге үңіледі. Жаны саяз, сүю дегенді білмейтін, асқақ сезімі жоқ, саяз тіршілік етіп өмір сүрген өз басынан басқаны ойлап көрмеген адам үлкен жанды түсінбейді. М.Им.~ Сонымен бірге үңіле қарап, терең бойла! Менің жүрегім жаңалықтың не екеніне түсінбей, жаңа боламын деп бола алмай жүрген, жаны саяз кейбір жалынсыз жандарға ғана ескі көрініп жүрмесін, – деді. Ә.Әб.