Posted in

ЖАНЫ СІРІ

Төзімі мықты, не нәрсеге де шыдайтын адам. ~ Қанша қиналып жатса да мұның көңіліне кірбің түсірмейін дей ме, қашанғы жаны сірі көнбіс дағдысымен сүйегіне қарысып, сыр білдірер емес. Т.Сәу. ~ Әй, осы Таңқыбай да бір өлермен, жаны сірі неме екен. О.Сәрс. ~ Империя кірпіштерінің астында қалған сатана – сайтандардың жаны сірі, коғамды әлі де билегісі келеді. Ш.Мұрт.