Алаңсыз, бейқам тірлік туралы. ~ 30-шы жылдан бері Алтыбай Нілді зауытында істеп жүргенде жас қатыны жұмыс істемей үйде отырады. Алтыбайдың тапқанын киеді, ішеді, жейді. Аяқта әдемі бәтинке, үсте көк көйлек, жуғаны ақ сабын. Жаны тыныш, жағасы бос. С.Сей. ~ Шықаңның енді мұртын балта шаппайды. Жаны тыныш, жағасы бос. Қонжиып креслода құр отырғаны болмаса, шаруаны шырқ айналдырар көмекшілері жеткілікті. Т.Сәу. ~ Ызаланғаны сонша бүкіл дүниеге ашуы келді. Жаны тыныш, жаға бос болған соң осы ғой. Н.Сер.
