а) Рахат сезімге бөленді; көңілі тынышталды. ~ Бастарына әнші құстар қонып, құлпырған көктемді құттықтап, жаныңды жай тапқызатын шаттық үндеріне бөлеген. І.Ес. ~ Бірақ бойынан жүгірген жылы ағын қасындағы бір ананың кенже ұлы, бір халықтың композиторы, қоғамның құрбаны болған түбіт мұрт тұтқынның шым- шым судай бойын жылытқаны жанын жай таптырып, әкелік парыз алдында аз да болса өзін жеңіл сезінгендей еді. Қ.Түм.
ә) Көз жұмды, қайтыс болды. ~ Егер де бала болмаса, бауырына балапандай тығылып отырған бишара ұлы болмаса, ол бұл азапты шеккенше, тезірек жанын жай таптырар еді. Ш.Айт.
