Posted in

ЖАНЫНА ЖАҒЫП БАРАДЫ

Барған сайын ұнай түсті, бағасы артты. ~ Өмірі жан баласы мандайынан сипап, көңілін жұбатпағаннан ба, Абылай үні жанына жағып барады. М.Сүн. ~ Мынау жанына жағып бара жатқан тәтті тағамынан біржола айырылып қалардай желге қарсы аяңдады. Түйсігі алдамапты. К.Сег. ~ Атып тұрып‚ әуелі құзданған төрт қабырғаға‚ сосын темір есікке қарады. Шыр- шыр еткен бозторғай үн жанына жағып барады. Темір терезенің ар жағынан естіле ме… Қ.Түм.