Жанына рахат сыйлайтындай, қолайлы, жағымды. ~ Қалың қарағайлар мен беткейлерге жасыл арал сияқты ойдым- ойдым болып біткен аршаның, сонан соң сай- саладағы жүздеген түрлі өсімдіктердің алуан- алуан жағымды иістерінен басқа тұла бойын түрпідей жиырдырар бөгде иіс- қоңысты сезе алмады. Өз мекенінің жанына жайлы да жағымды төл иісі. К.Сег. ~ Суық алақан пейіш қақпасының самалындай екен. Күнұзын денесін күйдіре өртеп жатқан іштегі алауды солқ-солқ сорып алардай сіңірлі саусақтар жанына жайлы тиді. Маратбек мейірлене көзін жұмды. Еміреніп тамағын қырнады. С.См.
