Ұнамады, көңілі қош көрмеді. ~ Сәкінің үстінде шүйіркелесіп отырып, жанына жақпаған бір сөзді осылай басынан асырып тастай бергенде қою қараңғылықты жамылған ағасы үй бұрышынан бұрылып шыға келді. Қ.Түм. ~ Заславский бұл күлкілі көрініске назар салмай, бұрынғы жатқан қалпында кітабын оқи берді. Кисель Ласточкинге басу айтқысы келіп: — Қой, Леня, түрегел, жалынба. Жанына жақпаған шығар, шамасы, – деді. М.Кәр.
