Posted in

ЖАНЫНА ЖАҚТЫ

Көңілінен шықты. ~ Оны Мұрда да байқап тұр екен, мақтаған бақсы қатынына Майраның нанбағаны Мұрданың жанына жағып кеткен екен. Ж.Айм. ~ Ала кестелі жібекке оранып, жасарған қара жер қызыл күннің көктен күліп бүркіп тұрған алтын нұрына балқып, рахаттанған денесін төсеп, жас босанған, қалжасы жаққан келіншекше жадырап, көсіліп жатқан тәрізді. Немесе ыстық бұлау жанына жаққан сұлуша балқып, маужыраған тәрізді. С.Сей. ~ Ол жылан арбаған бозторғайдай бәріне де көніп, бір ауыз уәж айтуға жарамады. Сөз шіркін өз жанына жақса қайдан ғана қарсылық айтар. К.Сег. ~ Шыр- шыр еткен бозторғай үн жанына жағып барады. Қ.Түм.