Жоқтан өзгеге өрекпіп, көкірек керушілік хақында. ~ Иә, ит жоқта шошқа үреді деген сол, шырағым, бас көтерер ер-азамат болмаған соң жетім-жесір есебінен жанына торсық байлатпастай семіріп қалатындар бар ғой. Н.Сер. ~ “Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас” деп, әдірам қалғыр, Күрең жұрт өзінен бизар болып еді, кешегі жылдар, енді мына жаман боқмұрыннан көрдік пе көресіні…— деп түтігіп түсі қарауытып кетті. С.Елу. ~ Еркек шіркін жалынан сипаса, жанына торсық байлатпастың тап өзі: бақытын басқа теуіпті, ақымақ айғыр! М.Қаб. ~ Шолақ арқан, тар тұсау, өреде өстім. Пышақ сырты жал бітсе селтең қағып, Жанға торсық байлатпас мен емеспін. Менен зардап шеккен жоқ және де ешкім. Н.Айт.
