Үмітін үзсін, дәме етпесін д.м. ~ Мойының дарда үзілсін, Көзің жерде сүзілсін. Жендеттер, жанын қинаңдар, Жанынан бірақ түңілсін! “Нұрғаз”. ~ «Өз жақсыңды жаттай сыйла‚ жат жаныңнан түңілсін» дейді халық даналығы. Біз халықтан бөлініп қайда барамыз? Қ.Түм. ~ Көлден көлге қоныңыз. Айнала алмай ат өлсін, Айыра алмай жат өлсін. Жат бойынан түңілсін. Бұқар ж. ~ Жорықтан қайтқан жігіттерді түсірген үйлердің, бәрінде де осындай молшылық, ағайын арасында әшейінде бола бермейтін ерекше бір қадір-құрмет. Ұлпан бүгін «Жақыныңды жаттай сыйла, жат көңілінен түңілсін!» дегісі келгендей екен.
