Posted in

ЖАНЫНАН КҮДЕР ҮЗДІ

Тірі қаларына сенбеді. ~ Қарсы жақ қорған қабырғасына барып, маңдайым тақ ете түсті. Қалтырап тұрып, қарманып, шығар жер бар ма екен деп сипалансам, қорған қол жетпейтін зәулім екен… Жанымнан күдер үзе бастадым. І.Жанс. ~ Жауда жүрген баламның, Желжақтағы панамның, Астындағы Қарала, Құйрығы келте көрінсе, Жау қарасын көргенде, Ат құйрығын сүзгенде, Жанындағы жамандар, Жанынан күдер үзген-ді. А.Байт. (“Ер Сайын”.) ~ Қақырғаны қан татып, Түкіргені жын татып, Қақырғанда қан ішті, Түкіргенде жын ішті, Жанынан күдер үзісті. “ҚҚҚ”.