Posted in

ЖАНЫНАН ТҮҢІЛДІ

А) Күдері үзілді; сенімінен айрылды; өмірден баз кешті, жарық дүниемен қоштасты. ~ Мылтық атып ауылдың иманын үйіреді. Момын жұртты малынан, жанынан түңілтеді. Жақсы ат, жақсы киімдерін қолша алып кетеді. С.Сей. ~ Аттарының басын шұғыл тежеп қос аяқтап аспанға шапшыта тоқтады. Аттар жанынан түңілгендей шұрқырап кісінеп жіберді. Ә.Нұрп. ~ Қайсы патшадан кем екен біздің Елбасымыз?- Ақтоты алақанын ысқылап, құжырланып, екі иығын қомдап қойды. – Өзіңді- өзің сыйласаң, жат жанынан түңіледі ғой. Әжейдің сөзіне бәрі де ду күлді. Т.Рыск.
Ә) Тұла бойы түршікті. ~ Өзге сөздің керегі не, арада жүрген бір арамы тілдес бар ғой! Соны тауып сазайын беру керек!.. — Ырымбек күн бойы өзі де сонда болып, осы сөздерді түгел естіп, жанынан түңіліп қайтқан. Ғ.Мүс. ~ Тікенекті алдамшы әдемі бір гүл болатын. Алыстан көз қуантып, ұстай алсаң қолыңды жарақаттап тастайтын. Удай ашытып, жаныңнан түңілтіп, өкініші ойыңнан кетпейтін. М.Сүн. ~ Аттар жанынан түңілгендей шұрқырап кісінеп жіберді. Еламанның көзінің алдынан көк болат жарқ етті. Ә.Нұрп. ~ Қыядан шалған қырандай, Күн астына үңіліп, Ер сыйпатын көрген жау Өз жанынан түңіліп, Алатау асты Сұраншы. Ж.Жаб. ~ Кенебай мойнына шылбыр байлап, Қусырып екі қолын көніп келді. Нұқаңа сәлем беріп, бүгіледі, Кенебай бір жанынан түңіледі. К.Әзір. ~ Ақтоты алақанын ысқылап, құжырланып, екі иығын қомдап қойды. – Өзіңді- өзің сыйласаң, жат жанынан түңіледі ғой. Әжейдің сөзіне бәрі де ду күлді. Т.Рыск.