Өзі ойлап тапты яғни авторы өзі д.м. ~ Қазақ тұрмысына жанаспайтын жерлері болғанмен, бұл әңгіменің керекті, пайдалы жақтары көп. Өмірден алсын, мейлі, жанынан шығарсын әйтеуір әңгіменің сарыны төңкерісшілдік. Ж.Айм. ~ Ержан іштей мысқылдай күліп қойды. Көкесі қу! Абай атаның елеңін өз жанынан шығарғандай мақамдатты. М.Қаб. ~ Бәрі де атақтының атақтысы – Сегіз-сері ақынның мұрагерлері. Бұл елдерде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» жырлары Сегіз-серінікі деп саналады. Сегіз-сері өз жанынан шығарған ба, жырау ретінде айта жүріп өңдеген бе, ол арасы дүдәмал. Ал «Қарғаш», «Гауһартас», «Әйкен-ай» әндерін Сегіз-сері шығарғанын тіпті дауға салмайды, түгел мойындап қойған. Ғ.Мүс.
