Асқан сұлу, керемет көрік иесі туралы. ~ Жаңа туған айдай толықсыған арқаның жас сұлуы Кенесарыға бірден құлап түскен. І.Ес. ~ Жап- жазық аппақ маңдайы, жаңа туған айдай иіліп біткен қиғаш қасы, жауын шайған мойылдай мөлдіреген, ұялы нәркес көзі, … айрықша көз тартып тұр. Қ.Жұм. ~ Сіздің бұл жерде тұрғаныңызға неше жыл болды! – деді ол, жаңа туған айдай қасын кере жымиып. Ғ.Қаб. ~ Аққудай иілген мойны, жаңа туған айдай иіле біткен жіңішке қасы, жазық маңдайынан тура түскен әсем мұрны, ителгінің тамағындай аппақ, жұмыр иегі мен қымсынғанда қызыл арай теуіп тұратын нұрлы жүзі, бәрі- бәрі қолдан ойып жасалғандай. Қ.Жұм.
