Ерекше иба танытты. ~ Суық күзде сойдиып сиықсыз қалған шоңайна екеш шоңайнаға дейін қазір үлбіреп жана түскен келіншектей сызылып тұр. Ш.Мұрт. ~ Бәрінен де мінезін айтсаңшы, мінезін! Артық ауыс сөз айтпай, жаңа түскен жас келіндей сызылып туған болса екен деп кім армандамас дейсің?..» С.Дос. ~ Дегбірсізденіп жүрген фабрикантпен, оның елуге келсе де жаңа түскен келіндей сызылып тұратын, сыры кетсе де сырын бермеген кербез әйелі Жаннамен есендесіп, таныстарына бас шұлғып болғанша бір топ бекзада қаумалаған лорд Годольфин де жетті. А.См.
