Posted in

ЖАҢБЫРША ЖАУДЫ (ЖАУДЫРДЫ)

Үздіксіз төгілді, төкті. ~ Аудандағы шотоводтың оқуын бітіріп берсең біз риза. Есің барда елің тап, кайт, қалқам!» деген хаттар да жаңбырша жауатын көрінеді. М.Қаб. ~ Үшеуінен сөз тарту шөлден су шығарғанмен бірдей еді, жаңбырша жаудырған сауалдарымның көбі жауапсыз қалды. Д.Сэл. ~ Тұра қалып атқанда оның да бомбысы небір тас үйлердің быт-шытын шығарады. Ал пулимот болса, ол өңешінен оқты жаңбырша жаудырады. Бір атқанда он мың немісті қырып салады. Ә.Тарази.