Әлдебір есепті (тапсырманы, қиындықты) оп-оңай шешті (орындады). ~ Булығып тұрып арнасынан ағытылған тоған суындай сауал лақылдап кеп төгілді, Мүлкаман қиналар емес, естігенін естігенше қағып салып жаңғақша шағып тастап үйренген. Д.Дос. ~ … көрегендігі, іскерлігі жөнінен қазақтың болған-толған замандарынан қалған жақсыларының көзіндей адам. Әдебиетіңізді жаңғақша шағады. Ф.Оңғ.
