Posted in

ЖАПАЛАҚ ҚАР

Ірі түйіршіктеніп жауған қар. ~ Аспаннан жауған әрбір жапалақ, миллион жапалақ қар әуеде бір-бірімен қақтығысып сыбырласып, Едігеге: енді сен айырылысу азабына шыдамайсың; сүйікті әйелсіз, өзің жаныңдай жақсы көретін балаларсыз өмір сүрудің еш мән- мағынасы жоқ, деп жатқандай. Ш.Айт. ~ Ызғырық желдiң лебiнен қанкөбелек ойнаған жапалақ қар жерге жамбасы тиместен бет алды лағып, алас ұрған ақ түтектiң додасына түсiп жатыр. П.Дүй.