Posted in

ЖАПАЛАҚ ҰШПАС ЖАПАН ТҮЗ

Елсіз, тіршілік нышанынсыз, құлазып жатқан меңіреу түз, ай дала. ~ Шөлдің бетін бақша жауып кетті, быжынаған үй салынды. Жапалақ ұшпас жапан түз гүл-гүл жайнады. А.Байт. ~ Маң даланың қай бұрышына көз салма, — бәрінде барлаушылар: басына бұлт ораған болат мұнараларын жапалақ ұшпас жапан түзге жалғыз орнатып қойып, жер-көкті еңбек жырына бөлеп, думандатып жатыр. З.Қаб.