Тоң мойын, қыңыр адам. ~ Айтқанындай Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. «Көп қорқытады, терең батырады» деген осы, Абылай сықылды азуы алты қарыс ханның да қалың жар көкірек қазаққа дым қыла алмай сескенгені. А.Байт. ~ Қолайсыз қылсаң жұмыс қор боларсың, Ыбырат ал осыдан ей, әлижанап! Жатық бол жар көкірек, жарым болма, Қарсыға қадам қойма, шық қиялап. Т.Ізтілеу. ~ Болса да құл баласы, қол қусырып, Ел билер жөнді сөзге егеспеген. Жарымды жар көкірек жан деп білме, Құр кеуде, көпті жеңген өңешпенен. Т.Ізтілеу. ~ Жатық бол, жар көкірек болма тентек, Ойланбай еш жұмысты қылмағайсың. “Айтыс”.
