Posted in

ЖАР ҚҰЛАҒЫ ЖАСТЫҚҚА ТИМЕДІ

Тыныштық көрмеді, қолы жұмыстан бір босамады.~ Қолым тимейді деп хат та жазбайды. Ал ана Саттардан хат аламын деп дәмеленбей– ақ қой! Ол да бұтына шалбар ілгеннен бері жар құлағы жастыққа тимей оқумен келеді. Хат жазуға қолы тимейді. С.Ел. ~ Халқымыздың тұңғыш Президенті көп ұлтты республикасының қамын ойлап, сол үшін де Қазақ мемлекетінің бодандығы емес, бостандығын қызғыштай қорып, жар құлағы жастыққа тимей жүргенін біліп те, көріп те отырмыз. З.Қаб. ~ Жаратушы тәңірінің жар құлағы жастыққа тимей күндіз–түні ойға батыпты. Ақыры жан–жануар аң біткенді жинаған екен. Осы жиында өз ойын білдіріпті. Б.Мом.