Posted in

ЖАРАДАР БОЛДЫ

Жарақат алды. ~ Өте-мөте елжіреп, төнін түсетіндер жақсылық, жамандықты көп көрген қарттар: — Қалқам, соғыстан келемісің? Майданның қай жерінде болдың? Госпитальда қайда жаттың? Қай жеріңнен жарадар болдың?—деп, сұрақты жаудыра жөнеледі. Б.Соқп. ~ Осы мезет батырдың намысы қозып аруақ көтеріп кетеді, күн түске тырмысқанша қылыш қағысып андыздай шапқан жауды бөгейді, кешке дейін жағаласады, қапылыста жарадар болады. Д.Дос. ~ Сабынға айналар сақардай шұбатылған зеңбірек майы көп сіңіп, жарадар болған, жарылған жерлеріне батпақ орнап, қап-қара боп күстеніп кеткен қолының арбиған салалы саусақтарымен қапшықтын аузын аша бастайды. Ә.Нұрш.