Мезі қылған әңгімесін қайталай берді, малтасын езді. ~ Таңертең: “Ауданнан үлкен өкіл келді, зейнеткерлер аулаға жиналсын деп жатыр, тез шықсын дейді!” деп бір балалар үй-үйді аралап “жарапазан айтқан”. Ғ.Қаб. ~ Кешегi өз қолынан баулып өсiрген шәкiрттерi, бұрын көрсе, бұрын айтса қайда жүргенi белгiсiз, ұйқысынан жаңа оянғандай ауыздары қисайып, республикалық партия ұйымында анандай кемшiлiк, мынандай сорақылық бар деп жарыса шулап жарапазан айтып шыға келдi. Т.Сәу. ~ Қалай қоштасқаны, есікті қалай жапқаны есінде жоқ. Баспалдақты санап келе жатып ойлады: «Бәсе, Жапекеңді әке-шешем адам етті»,— деп жарапазан соқты. «Сен де жіліктің майлы басынан айрылып қалма, шөміштен қыспаймыз»,— депті. Масқара!» М.Қаб. ~ Мылжың шалдың өсиетін тыңдаймын деп-ақ миғұла боп барам, — деп Әбдіжапар былай шыға бере жатып кейіді. — Жағаңа жармасып тұрып жарапазан оқығанда жарғақ құлағыңды жарып жібере жаздайды!.. Ойбай, бері жүр, әне біреуі тағы да жол торып отыр!.. Қ.Ысқ.
