Бір-біріне сай келді, өзара келісім, үйлесім тауып, бәтуаласты. ~ Алабұртқан албырт көңіліңнен сыйластық пен жарастық тауып, шын ләззат шырынына еліткендей бір түрлі байыздаған болмысыңнан құштар тілеулестік туғызып, соңғы демің үзіліп тынғанша бір мысқал азаймас тәуелсіз рухыңа айналар сол әуен. С.См. ~ Мұхтар да бірден қосылып, майда қоңыр үні Кəмеш сыңғырымен сұлу жарастық тапқан. З.Қаб. ~ Құс төсі пенжактың омырауын керіп тұр. Сыртқа шығарған аппақ жаға, ақ мойнымен аса бір келісті жарастық тапқан. С.Жүн. ~ Алайда, тәкаппар жырау Темірмен үнемі жарастық таба бермеген. Темір өлгеннен соңғы жерде (Шалкиіз Б.К.) жырау (тәрізі, осы уақытқа дейін өзімен қырбай болып жүрген) Мұса ұрпақтарымен қайта табысады. М.Мағ.
