Күн демей, түн демей жұмыс істеді; тыным таппады. ~ Жарғақ құлағымыз жастыққа тимей таңғы сегізде жылы төсегімізден тұрып, тоғызға қызметке кетіп, содан кешке мұзды аяқ болып бір-ақ оралып жүргенімді өзіңіз көрмедіңіз бе? Ұзақты күн сонда газет оқымағанда не бітіреді деп ойлап едіңіз? С.Шайм. ~ Қолы жеткен кісі басқа руларды шетке қағып, өз руының ғана өкілдерін көтеретін көрінеді. Бізге тәуелсіздік әперген, енді елі үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, алтын шайқап, мұнай сапырып жатқан көсемдеріміз. М.Мағ. ~ Жиырма жыл жан аямай еңбек етіп, ағыл-тегіл тер төгіп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүргенде екінші дәрежелі капитан деңгейінен аса алмай қойғасын қолды бір-ақ сілтеп отставкаға шықты деген. Ә.Кек. ~ … сен түні бойы көз ілмейтінсің, сонда әпкелерім кезек-кезек кітап оқып, аяғынды сипап, олар да жарғақ құлақтары жастыққа тимейтін. О.Бөк. ~ Ашқарақ көздерді тойдырам деп жарғақ құлағы жастыққа тимеді. Қ.Ысқ.
