Posted in

ЖАРҚЫН ӨМІР

Өзгеге өнеге боларлықтай мәнді, мағыналы, айшықты, шат өмір. ~ Көптен күңгірт тартқан көңіліне оралмаған қуаныш аңғарды. Павлов кеткен соң да, Абай жалғыз қалып, өз ішіне жылы, жарқын өмір нәрін құйып кеткен игілік елшісін сезеді. М.Әу. ~ Мына жарық дүниеде жарқын өмір кешіп, ақ бас теңіздермен Украинаны не Парижді , не Тайганы, Қарақұмның шөлдерін көрмеу – орны толмас өкініш. С.Баяз. ~ Аяныш болса алдымен анау қияли дүниелерін тоқтатсын. Түртіншектеп қара көлеңке қуыстан қара бояу жинаудан басқа не бітіріп жүр? Мен өзіміздің жарқын өмірді көрсеттім. Ал ол ше? Д.Исаб. ~ Егер бұл мәліметтер бүгінге дейін сақталып келмесе, Жаяу Мұсаның басынан кешірген азаматтық борышын, оның жарқын өмірін, жеткізе айту қиынға соққан болар еді. Ә.Марғ. ~ Таразының бір басында — әлдеқашан қатынасың үзілген ауылдағы шофер де — жарайды ерлік-ақ көрсетсін, таразының екінші басыңда — мен, сен екеуміздің ертеңгі жарқын өміріміз, сөз алысып, қол беріскен ата-анамыз. Сонда қай жағы басым? Қай жағының салмағы ауыр? Б.Тоғ.