а) Қатты ашуланды, терісіне сыймады, өзегіне өрт кетті. ~ Ақылыңа болайын, о не дегенің, мырза? Үйренген кәсібін адам көзі жұмылғанша тастаушы ма еді? Баланың тіршілігі өзіне, менікі өзіме, — деп, жұмысын жалғай берді. Қанын ішіне тартып, жарыла жаздап тұрған Сақаға назар да аудармады. М.Мақ. ~ Төртуыл кісілері күбір- күбір әңгімеге көшті. Керімбай қатты ширығып, жарыла жаздап жүр. Қ.Жұм. ~ Кірпік қақпайды. Кеудесін кернеген əлдебір ашу- ызадан жарыла жаздайтын секілді. З.Қаб. ~ Жарыла жаздап намыстан, Бұлқынып, тулап, ысқырып. Торға бір түскен арыстан, Тар үйді сілкіп, тықсырып. С.Тұр. ~ Сіз өз бөліміңізді әлі тапқан жоқсыз ба?- деді сондай ащы мысқылмен. Уәли жарылып кете жаздады. Қашаннан бергі біреуге қатты ашуланғаны осы еді. Т.Ахт. ~ Жұрт қазір енді бір ерекше қызық күткендей, ермек, тәлкек іздегендей қозғалыс көрсеткенде өзі ашуланшақ, ызақор жасы егде Бурабай намыстан жарылып кете жаздады. Ж.Ахм.
ә) Бойын әлдебір ерекше сезім, қуаныш кернеді. ~ Оның отбасының түтіні түзу ұшқан жақсы хабарын естіп, өзін көргенге жарыла жаздап отыр. Т.Рыск. ~ Балқияны көргенде, оның Еркінді әкелгенін естігенде Көжек қуаныштан жарылып кете жаздады. Т.Ахт.
