Іште сақталған кек, өкпе, нала туралы. ~ Біреудің қойының басы боп, Біреудің көзінің жасы боп, Көрмеген құқайы жоқ, Ұтылмаған ұпайы жоқ. Азған-тозған пара, Жарылмаған жара, Көз бола қалса саған: — Кімсің? — десең оған, — Парамын! — дейді. А,Тоқ. ~ Тақымыңа салғандай-ақ қыл бұрау, барлығына шыр-шыр етіп жүрдің-ау. Жарылмаған жара қанша кеудемде, Көптен бері арылмаған мұң мынау. С.Им. ~ Терлеке, – деді Саурық, – тойға келіп отырып, сөз таластырмай-ақ қояйық. Жарылмаған шиқанымыз болса, артынан келісіп жатармыз. Ә.Шәр.
