Тым ерте көз жұмған адамның қазасы. ~ Ертесіне тағы оңтүстікке қарай пойызға мінген келіншектің ойынан шешесі айтқан «ол үйде жас өлім көп болған, соның шешімін тапқанда барып қызың ұл да табады, қыз да табады», – дегені кетпей қойды. С.Досж. ~ Күйеуі жаңа өлген жесір әйелдің жаралы жүрегіне, қаралы көңіліне қаяу түсіріп алар ма екенмін деп те қауіптенді. Жас өлімнің аруағына қиянат болар деп сескенді. Ғ.Біл.
