Жаңа көктеп келе жатқан жас буын. ~ … бәйтеректің түбірінен жас өскін көктепті, соның тілеуін тілейін, болмасқа бордай езіліп қайтеміз, жаратқан ием жас ғұмырды жарылқағай … О.Бөк. ~ Ал… ал адам… Адам осы табиғат заңына көлденеңнен килігеді. Соқа салады, жер жыртады. Көз ашқан, қол созған жас өскіндерді көктей қырқады. Қырқады! С.См. ~ Ал түбірден көктеген жас өскін жеңімпаз жарапазанын шырқап тұрған. О.Бөк.
