Бөтен үй, бөлек ел, басқа шаңырақ. ~ Қазақ ұлдың тағдырына онша қам жей бермейді, өйткені ол өз тағдырын өз елінің ішінде өткізеді, ал қыздың тағдырын ақ сақалды атасынан тартып асық ойнаған баласына дейін уайымдайды, өйткені оның бақыты сырт ел, жат босағаға байланысты. Б.Нұрж. ~ Дегенмен, жалғыз ұлыңды «шешем жалғыз қалды» деп жылап, сықтап төркініне ертіп кеткен келініңді ағайын-туған «келген жеріне келін болмай, шешесінің төрінде «төр менікі» деп тайраңдап жүр. Ал ұлың жат босағаға қалай сіңеді?!» деп өзіңді тығырыққа тірегелі сенен маза кеткенін білемін, қызым!.. Қ.Кенж. ~ Жаман айтпай, жақсы жоқ. Жат босаға аттаған соң, қияға қонған қыздың бағы шынайы байланбай ма? Т.Рыск.
