Қыз баланың басқа жаққа ұзатылып, барған шаңырағының отын жағып, түтінін түтетін тағдыры хақында. ~ «Жат жұрттық бала ғой; бізбен қанша жолдастығы бар? Оң жақта аз күн тайраңдап, дәурен сүрсін!» деген бәйбішенің тілін екі қылмай, Ақбілегін маңдайға шерткен жан емес еді … Ж.Айм. ~ Қайтеміз, құдайдың жазуы шығар… Жат жұрттық бала ғой. Ақ батаны бұзып, «бұзық қатын» атана алмаймын… Мен енді қойдым, — деді Нұрбике. Б.Майл. ~ Әйелі сол баяғы шынайы қалпынан түк өзгерместен: – Ақперіште жат жұрттық қыз бала. Ал, біз шаңырақтың иесі болатын ұл асырап аламыз, – деп арғы ойын өзіне қадалған көзге көзін қадап тұрып ашық айтты. Е.Әл. ~ Үндемей отырды қыз құлақ асып, Ұялып төмен қарап бетін басып, Жат жұрттық екендігін сонда біліп, Азырақ қамығады көңілі жасып. “Талайлы құл…”
