Posted in

ЖАТАР ОРЫНҒА

Ұйқыға жататын уақытта, ұйықтар алдында. ~ Ол қазақтың өлшемсіз ет жегіштігін және де көбінесе жатар орынға жейтінін қынжылғандай, шенегендей боп айтты. Т.Әл. ~ Қой, Жәке, жатар орынға жетіп жығылайын, су киім тұла бойымды қалтыратып барады… Сау бол!.. Д.Әш. ~ Күндіз — тігіншілік, кешке — үй-ішінің қыбыр-жыбыры қосылып, Ақтоты жатар орынға сансырап келіп сүріне жығылатын. Б.Тоғ. ~ Махан кешкі шайға да отырмады. Ауыз ашарға шақырған төменгі көшедегі бір үйге кетіп, жатар орынға бір-ақ келді. Қ.Түм.