Posted in

ЖАТЫП (ЖАНТАЙЫП) ЖАСТЫҚ, ИІЛІП (ТҰРЫП)ТӨСЕК БОЛДЫ

Біреуге табанынан тік тұрып қызмет етті, жаны қалмады, асты-үстіне түсіп, бәйек болды. ~ Айғаным бұған дейін ел аралай қалса, Уәлінің тірі шағы түгіл, жесір күнінде де, кезіккен ауылдар «жатып жастық иіліп төсек болып», көп жерде арнаулы үй тігіп, хан көтере күтіп алатын-ды. С.Мұқ. ~ Уыз қымыз бен жылы-жұмсаққа бағып, жатып жастық, иіліп төсек боп құрметтеп бағыңдар… Мен келгенше қайтып кетпейтіндей болсын», – деді де, айғыр топ нөкер ертіп аңға шығып кетті. Ә.Кек. ~ Соншама пайда келтіретін Малтабарды Варвара «жатып жастық, иіліп төсек боп» дегендей мейлінше күтеді, әуелі моншасындағы өзіне арнаған номеріне кіргізіп, жақсылап тұрып жуындырады … С.Мұқ. ~ Әйтеуір бағына кенже ұлы мен соның келіншегі ғана ығына жығылып, жантайып жастық, иіліп төсек болады. Т.Рыск. ~ Бақанның тіпті сыбырлағанына дейін естіп, мырзасынып қолынан іс келетінін, бір кәдеге жараймын саған, «ер мойнында қыл арқан шірімес» деп жатып жастық, тұрып төсек болғанына таң. М.Сүн.