Posted in

ЖАТЫП АТАР

Үндемей жүріп, реті келгенде сөзбен шағып алатын адам туралы. ~ Қайран Дүйсеке-ай, – деп қиналды Шой. – Жатып атарсыз-ау. Мен-ау сонда арандатып отырғаныңыз. З.Қаб.
~ Бұл араның адамдары шетінен жатып атар, бетіңе жылтырап күлгенмен, малына-малың жақындап түн асты болды жоқ. Н.Абд. ~ Қаңлы Кенжебек қайдан теріп жүретіні белгісіз осындай хикаяттармен мұңсыздың басына мұң салардай жатыпатар ғана емес, біршама қырағы да жан. Ұ.Дос. ~ Жеңешем бір көрмеге жуас, әйтпесе жатып атардың нақ өзі. М.Қаб.