Жалынып, жалбарынды; қыр соңынан қалмады. ~ Өңшең сәйгүлікке мінген, қару-жарақты ұрыларымен Тәуке Ербол аулына келді дейді. Ол ауылдағы Қамза дегеннің ақбесті деген жақсы аты бар екен, соған жатып жабысты дейді. Құшақтасалық, тамыр болалық. Болмаса сат деп. І.Жан. ~ Белгілі құрамдағы домна қоқысы тәжірибе жұмысына қажет боп, соған зауытқа тапсырыс бере келіпті. Балтаның жай– жапсарымен танысқан соң жатып жабысты. С.См. ~ Леся үйге қайтамын десе, Қарашелек дәл қазір жатып жабысуға бар, бірақ өзінше естияр болғансып, кісімсіп бақты. Қ.Ысқ.
