Жауға жақын, қара-қарсы тұру. ~ Ел састы, жоңғардың бетін қайтара алмасына көзі жете бастады. Жоңғардың ызғары мен екпініне шыдауға шама келетін болмады. Жау бетіндегі ел шұбырынып босып, қаша бастады. Босқын толды. Ел табаны көтерілуге айналды. Ақырында, жоңғар әскері елді қаптап кетті. Ел тегіс Бұқар мен Хиуаға ауа бастады. А.Байт. ~ Әрине Аралбай бабамыз көбіне-көп ел шетінде, жау бетінде үнемі жүрген еді деп айта алмаймыз. С.См.
