Posted in

ЖАУ ҚАБАҚ

Ызбарлы, сұсты келбет, түксиген қабақ. ~ Бойшаң, иықты, жау қабақ Кәріпжанға Мәлік жақындамауға
тырысатын. Себебі, біреумен керілдесе кетсе, сөзге келмей, салып жіберетін әдеті бар-тұғын.
Б.Тоғ. ~ Оны көргеннен-ақ Әлидің іші қылп ете қалған. «Тентек Шодыр» атанған жез мұрт, жау қабақ, шегір көз
«қайнағасымен» жолықпай-ақ қойсам деп жүретін. Б.Тоғ. ~ Әрi-сәрi хал лезде ғайып болып бойына әлдебiр қуат
құйылғандай. Сенiмi нық, қимылы батыл, жау қабақ, айбарлы… Т.Сәу.