Posted in

ЖАУ ТИГЕНДЕЙ

Апыл-ғұпыл, асығыс-үсігіс, жанталасып істелген іс хақында. ~ Тым- тырыс қала жау тигендей аңырап, бей- берекеті шықты, қылаулана бастаған жазғы таңнан жақсылық күтпейтін болар, ұлардай шулады. А.Смай. ~ Бөгелектің ызыңын естіген біреу құйрық көтерсе болды, бүкіл табын жау тигендей бет- бетіне жөңкілетін сиыр малының әдеті емес пе, жан ұшыраған торпақ- тайыншалар қотанға қойып кетіп бақташыға бой бермей жүр. Қ.Ысқ. ~ «Апыр- ай, неден үрікті? Жау тигендей неге жосып жүр?» Дәулет тебініп қап, атын үсті- үстіне қамшылап орманға төтелеп шапты. М.Сүн. ~ Қамыс арасы үрке ұшқан ығы- жығы құстың сарт- сұрт соғылған қанаты мен ию- қию шуылына толып, кейде жау тигендей дүрлігеді, маңайда сұғанақ түлкі мен қарсақ бар. А.Смай. ~ Шегіртке біткен жау тигендей жапырыла ыршып қашып барады. Қ.Ысқ. ~ Шегіртке біткен жау тигендей жапырыла ыршып қашып барады. Аяғының астынан есі кеткен бір бөдене «пырр» ете қалғанда, Кенжегүл шалқасынан түсе жаздады, оған да жан керек: «Субихан алла, аруах! » – деп қайтадан қосаяқ қақты. Ш.Мұрт. ~ Әне, олар жалт беріп тауға қарай тартты. «Апыр– ай, неден үрікті? Жау тигендей неге жосып жүр?» Дәулет тебініп қап, атын үсті– үстіне қамшылап орманға төтелеп шапты. М.Сүн.