Ерекше дүрлігіс, әбігерге түсу, шу көтеру туралы. ~ Тәйт әрі, екеуіңнің де ниеттерін жаман! Жап-жас бастарыңнан қымс етсе, «ойбой қырып кетті, ойбой жұлып кетті» деп, жау шапқандай жетесіңдер. Ел аман, жұрт тынышта сендерге не пәле жетіп тұрады осы? Қ.Ысқ.
- – Оу, еліңе жау шапқандай бұларың не, бәріңнің беттеріңнен түк шығып, қайғы жұтып отырсыңдар ғой. А, Нұрмағанбет, саған не болды, әкең бүгін өлгендей. С.Жүніс.
- Әлгідей болмай жау шапқандай дүрліккен ел қаз-қатар тізіліп, үздік-создық шұбатылып, тауға қарай беттеді. С.Жүніс.
- Ұйқысы қанбаған ауылнай үйінің сыртында тұрып:
─Құдай төбеңнен қос қолдап ұрсын, Ораз. Ауылды жалғыз өзің жау шапқандай қылдың ғой, – дейді күліп. Т.Әбдік. - Аяқ астынан жау шапқандай кепкен шалдың таңнан бергі тәкаппарлығынан да түк қалған жоқ. Әбдіжапардың көсемсіп отырып айтқан көшелі сөзі де адыра қалды. Қ.Ысқ.
