Дұшпан қолы шабуыл жасады; ел басына күн туды.
~ – Не болды дерің бар ма?! Жалғызынан айрылып, жау
шауып отырған жоқ па! – деп анадайда отырған Рәш күрсініп
қойды. О.Сәрс. ~ Аруақ қайда? Намыс қайда? Жау шапты аулыңды Алатауда. I. Жанс.
– Жау шапты елімізді жақын күнде,
Болмады сонан бері тыным бізге.
Жан тәтті, жан сауғалап жалғыз өзім
Келіп ем осы араға кеше түнде. “Жәнібек б.”
ـــ Біз, бермен қарай ـــ деді баяу дәуіспен. Қарсы алдыларынан кез болған үш азамат, тұмсықтағы үш қыстаудағы елді жау шауып кеткенін, жаудың бетәлістәрі қара тауды бет алған хабарын жеткізді. Б.Жұм.
