Posted in

ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ (ТАРТТЫ)

Сотталды; жаза шығарылды; айып салынды. ~ Хатта, Қайрат Рысқұловты жедел ақтап, еңбегін әділетті бағалау, Қазақстанның халық батыры атағын беру, ата-анасына қамқорлық жасау, оның қазасына қатыстыларды жауапқа тарту сынды өр мінезді талаптар қойылған болатын. Т.Рыскелд.

  • Ол жаңа тәртіп бойынша мал басы, жан басы есепке алынатынын, оны жасырған адам жауапқа тартылатынын ескертті. Т.Әлімқ.
  • Ол адамды қас дұшпанымыз, жауымыз деп білеміз. Бүкіл совет халқының жауы дейміз. Ондайға қатаң шара қолданылады. Жауапқа тартылып, сотталады! Ұқтыңдар ма? С.Мұратб.