Өзіне қойылған сауалға, айтылған сөзге, істелген іс-әрекетке еш уәж айтылмады, қарсы әрекет жасалмады; жауап алынбады. ~ Үшеуінен сөз тарту шөлден су шығарғанмен бірдей еді, жаңбырша жаудырған сауалдарымның көбі жауапсыз қалды. Сэлиндж. (ауд.)
- — Қай жерің ауырады, келін?— деді.
— Ибай, келіні несі, қызым деп сөйлемейсіз бе!?— деді де, ол сауалды жауапсыз қалдырды. Б.Қыдырб. - Ержан түнеріп, арлы-берлі сенделіп жүр. Көптен бері жиналған, жастық, албырттықтан, бейқамдықтан мойны жар бермей жауапсыз қалған ойлары енді дүмпіп барады. Т.Ахт.
