Қарсы әрекет жасамады; тиісті жауабын қайтармады. * Абай ол қазақтардың қопсытқан сөзін Кәкітаймен сөйлескенде де жауапсыз қалдырды. М.Әуез.
- Жаңа Нұрға тіркеме ретінде барған татымсыз жігіт арнайы баяндамасын жиып қойып, осыған қарама-қарсы түрғыда сөйлепті дейді. Әрине, біздің Подонок жауапсыз қалдырмайды. М.Мағ.
- Бұл хабар маған аспаннан жай түскендей әсер етсе де, сыр беріп үндегем жоқ. Қыздың сұрағын тұқырайып жауапсыз қалдырдым да, артынан бұл төтенше жағдайды сарапқа салып, жүз ойланып, мың толғандым. Ә.Асқ.
