Posted in

ЖАУҒА ҚИМАС ЖАҚСЫ

Қадір-құрметі жоғары, ел сыйлайтын адам туралы. ~ Қазір ұшырасқанда Әкімді: — Ту сырттан келмей, тұра шабатын көкжалым. «Ерді құдай ұрарда, жауға мінер жампозды жабы орнына мінеді. Елді құдай ұрарда, жауға қимас жақсысын жалпының бірі деп біледі» деген. Ақылы азайған атаң қаршығаны қарға деп өлтіретін адам ғой, бір өкпеңді қи, шырағым! — деп қарсы алған. Ж.Ахм.